Ертіс өзенінде тағы да бір мұз өткелі ашылды

513

Өткелдер негізінен жаяу және арба көлігіне есептелген, ал автомобильдер үшін салмағы 2,5 тоннадан аспауға тиіс.

Ертіс өзенінде тағы да бір мұз өткелі ашылды

Өткел сағат 08-00-ден 19-00-ге дейін Павлодар ауданының Жаңа-қала және Набережное ауылдарына ашық боладыдеп хабарлайды Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта ауа температурасының өзгеруіне байланысты барлық өткелдер негізінен жаяу және арба көлігіне есептелген, ал автомобильдер үшін салмағы 2,5 тоннадан аспауға тиіс. Өткен жылдардағыдай мұз жолдары мен өткелдерді күтіп ұстау үшін жайылмадан шөп тасуды ұйымдастыратын шаруа қожалықтарының басшылары жауапты болады",– делінген хабарламада.

Өткелге кіру кезіндегі жылдамдық сағатына 10 км-ден аспағаны дұрыс. Қозғалыс кезінде машинаның есіктерін ашық ұстау керек дейді мамандар.

"Егер бір мезгілде екі автокөлік қозғалса, өткелге кіреберісте көрсетілген көлік құралдарының арасындағы қашықтықты қатаң сақтау қажет. Тоқтауға, жылыну, бұрылуға және автомобильдерді озып өтуге, мұз үстінде май құюға, нашар көріну жағдайында орын ауыстыруға тыйым салынады",– деп ескертеді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу