Оның біреуі жағаға өздігімен жүзіп шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік өзенге құлап кеткен болатын.
– Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Сағат 09:00-де іздеу тобы қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін мәйіт полиция органдарына берілді, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, суасты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылып отыр. Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылса, Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің келуі күтілуде.
ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын өз деңгейінде аяқтау үшін оқиға орнында жұмысын жалғастыруда.
Бұған дейін ішінде 4 адамы бар көліктің Ертіс өзеніне құлап кеткенін жазған едік.