Ертіс өзенінің жағалауында қалып қойған жасөспірімдер құтқарылды

788

14 және 15 жастағы жасөспірімдер жағалаудың бергі бетінен арғы бетіне жүзіп барған, алайда қайта кері жүзуге шамалары болмағасын, полиция қызметкерлерін көмекке шақырған.  

Ертіс өзенінің жағалауында қалып қойған жасөспірімдер құтқарылды Фото: polisia.kz

Ақтоғай ауылының жағажай аумағын патрульдеу кезінде аудандық полиция қызметкерлері Ертіс өзенінің басқа жағалауынан көмек сұраған екі кәмелетке толмаған баланы байқаған.

Олар қайық пен құтқару кеудешелерін киіп, балаларға жүзіп барып, қорқып қалған жеткіншектерді қайыққа отырғызған. Кәмелетке толмаған балалардың ата-анасымен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ата-аналар құқықтық тәртіп сақшыларына балаларына уақытылы көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтты. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын назардан тыс қалдырмауы керек және олардың әрбір қадамын бақылау қажет.

Павлодар облысының полицейлері жүзу дағдыларынсыз және судағы қауіпсіздіктің базалық ережелерінсіз шомылу қайтымсыз салдарға әкеп соқтыратынын тағы да еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу