Сербиялық жартылай қорғаушы Марко Станоевич "Ертіс" командасынан өзбек супер лигасында ойнайтын "Насаф Карши" клубына ауысты, деп хабарлайды prosports.kz.
Марко керекулік команданың сапына өткен жылдың шілде айында қосылып, аз уақыттың ішінде команданың алаңдағы көшбасшы футболшыларының біріне айналған еді.
"Насаф Карши" командасына серб еркін агент ретінде қосылды. Бұл ауысымды Transfermarkt порталы ресми түрде растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу