Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы жаңа маусымда Түркияда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап prosports.kz хабарлайды.
Белек қаласындағы дайындық жұмыстары қаңтардың 9-21 аралығында жүргізіледі. Жаттығулар күніне екі рет өткізілмек. Сонымен қатар бірнеше жолдастық кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Қарсыластар жайлы ақпарат қосымша жария етіледі.
Бүгін Павлодардан тек жергілікті футболшылар аттанды. Өзге ойыншылар, қазақстандықтар мен шетелдіктер, команда сапына Түркияда қосылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу