Ертіске 100 мың сазан шабағы жіберіледі

710

Сазан шабақтары Қарағанды облысынан жеткізіледі. 

Ертіске 100 мың сазан шабағы жіберіледі

Ертіс өзеніне сазан шабақтары жіберіледі. Бұл туралы Шүлбі су электр стансасының қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады, деп жазады Аltaynews.kz.

"Шүлбі су қоймасына балық жіберу акциясы осы қазан айына жоспарланған. Шамамен, 100 мың сазан шабағы Ұлан ауданы аумағында Ертіске жіберіледі", – деді "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Светлана Нищенко.

Айта кету керек, былтыр да дәл осы уақытта су қоймасына балық жіберілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу