Ертіске су трамвайы шығуы мүмкін

987

Өскемендік кәсіпкерлер қала әкіміне ерекше жоба ұсынды.

Ертіске су трамвайы шығуы мүмкін

Қаланы қақ бөліп ағатын Ертістің айдынына су трамвайын шығаруды ұсынған – "Белалекс" және "Вояж" туристік фирмалары. "Белалекс" ЖШС директоры Олег Белов өзен бойымен жолаушы тасымалдайтын 3 моторлы қайық дайын тұрғанын айтып отыр.

"Трамвайлар "Өзен вокзалы" аялдамасынан "Самал" жағажайына дейін жүреді. Бірақ  "Самалда" айлақ жоқ. Яғни кемелер  жолаушыларды түсіре алмайды. Осы мәселені қала әкімдігімен келісіп шешкіміз келеді", – дейді "Белалекс" фирмасының директоры Олег Белов.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Түрсімбетовтің айтуынша, жобаның әлі нақтылайтын тұстары көп көрінеді.

"Кәсіпкерлер өз идеясын айтты. Бірақ әзірге су трамвайының қызметі тұрғындар үшін неше теңге болатыны белгісіз. Ертістің бойына қосымша айлақтар салу мәселесін де экологиялық, экономикалық тұрғыда сараптау қажет. Олар дайын деп отырған техниканың жай-күйін де зерделеу керек. Сенбі күні қала әкімі Жақсылық Омар жобамен арнайы барып таныспақшы. Нақты шешім сол кезде белгілі болады", – дейді әкімдік өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу