Қайғылы оқиға Сычевка ауылы маңында болған. Жедел-құтқару жасағының мамандары ер адамның денесін өзеннен алып шықты.
Іздеу барысында құтқарушылар қайықпен Ертістің екі жағалауындағы 83 шақырым аумақты тексерген.
Эхолот арқылы 16 900 шаршы метр су беті зерттеліп, жағалау бойындағы 10 шақырым жер жаяу қаралған. Сонымен қатар сүңгуірлер 34 рет суға түсіп, өзен түбінің 3 400 шаршы метр аумағын тексерді. Іздестіру жұмыстарына төрт құтқарушы, бір техника және бір жүзу құралы тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу