Көктемде Семейде Ертістің мұзын жару кезінде талай терезе сынып, аталмыш оқиға қоғамда үлкен талқыға түскен болатын. Жауапты орындар бұл оқиғаға кінәлі адамдарды анықтады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Тұрғындардың айтуынша, сеңді ертерек қозғау мақсатында мұндай жарылыстар жыл сайын жүргізіліп тұрады екен. Алайда, қатты жарылыс толқынынан үйдің қабырғалары қозғалып, терезе сыну деген бұрын болмаған.
ШҚО Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жүргізген тексерулер нәтижесінде мұзды жару кезінде қателіктер орын алған.
"Соңғы жарылыс кезінде техникалық есептер ескерілмеген. Мамандар жарылыстың салдары неге әкеліп соғатынын білген және оны тапсырыс берушіге ескерткен. Алғашқы жарылыс есеппен, яғни регламентке сәйкес жүргізілгендіктен оның зияны ешкімге тимегенін көріп отырмыз. Ал соңғысы амалдың жоқтығынан болғанға ұқсайды. Шүлбі су қоймасындағы судың жедел босатылуына байланысты орын дайындалмай қалған. Соныдықтан бұл жерде нақты жауап беру қиындық туғызады", - дейді аталмаш департаменттің басшысы Эмилиюс Дрявининкайтис.
Тексеріс нәтижелеріне сәйкес "Востоквзрывпром" ЖШС-ге әкімшілік айппұл салынды. Алайда, фирма басшылығы сеңнің үлкен кептелісіне байланысты басқа амалдың болмағанын алға тартып отыр, мұнша көлемдегі жойқын мұзды қозғау үшін олардың жарылыс қуатын арттырудан басқа амалдары да болмаған.
"Егер біз жарылыстың қуатын арттырмағанда, жағдай тіпті қиын болар еді. Біз терезелердің сынатынын білдік, әйтпегенде жағалаудағы үйлерді түгел су басар еді", - дейді "Востоквзрывпром" ЖШС басшысы Дмитрий Авдеев.
Естеріңізге сала кетейік 29 мамыр күні Ертіс өзеніндегі мұзды жару мақсатында жасалған жарылыстың қуатты толқындарынан Семейдегі 380-ге жуық пәтердің терзесі сынған болатын.