Ертістегі ескі көпірдің жанынан жаңасы салынады

931

Ескі көпір 1962 жылы салынған. Оның қасында жаңа экстрадозды көпірдің құрылысы жүргізіледі. 

Ертістегі ескі көпірдің жанынан жаңасы салынады

Қазіргі таңда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ облыстық филиалының басшысы Ақылбек Қабылдин мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ескі көпір 1962 жылы салынған. Оның қасында жаңа экстрадозды көпірдің құрылысы жүргізіледі. Жаңа көпірдің жобасы дайындалуда. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Филиал басшысының айтуынша, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылысты бастау жоспарланып отыр",– дейді Ақылбек Қабылдин.

Құрылыс кезінде ескі көпір жабылмайды, жанынан жаңа экстрадозды жартылай керме көпір салынады. Құрылыс үш жылға созылады. Жаңа нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін әрі қарай ескі көпірді бөлшектеу жүргізілмек.

Сонымен қатар, спикер Павлодар қаласының шығысын айналып, "Қазақстан алюминийі" арқылы өтетін Кенжекөл ауылындағы бөлігіне қатысты көпірдің жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті.

"Бұл көпір Павлодар ауылымен қосады. Бір жоба сараптамадан шықты. Екінші кезеңін маусым айында сараптамаға тапсырып, тамыз айында алу жоспарланып отыр", – деді Ақылбек Қабылдин.

Еске сала кетейік, Павлодарға кіреберіс көпір 1962 жылы салынған. Соңғы рет нысанның күрделі жөндеуі 16 жыл бұрын жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу