"Ертістің" қыздар командасы құрылды

1231

Әзірге команда құрамында 18 ойыншы бар. Командаға әлі де 12-13 жастағы қыздар қабылданады. 

"Ертістің" қыздар командасы құрылды

"Ертіс" футбол клубының 12-13 жас аралығындағы қыздар командасы құрылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Қыздар командасының жаттықтырушысы болып Ксения Постовая бекітілді.

"Жеке өзім бес жылдан бері қыздар командасын жаттықтырып келемін. Енді міне "Ертіс" клубының құрамына кіріп жатырмыз. Командаға 12-13 жас аралығындағы қыздар жинақталуда. Облыстың құрамасы болады. Бұрындары қыздар үшін жаттығатын орын болған жоқ. Өзіміз тапқан шағын алаңдарда жаттығып жүрдік. Содан кейін сайыстарда үлкен алаңға ойнауға шығамыз. Осы жағы қиыншылық тудыратын. Қазір доптарымыз, жаттығу құралдары, бастысы қыстың күнінің өзінде жаттығу орынымыз бар. Енді қыздарда алға жылжу болатынына сенімдімін. Болашақ ересек команданың негізін қалайтын болады", – дейді Ксения Постовая.

"Ертіс" сапындағы жаңа команда жақында ашылған Bolashaq Arena спорт кешенінде аптасына 4 рет жаттығатын болады.

Әзірге команда құрамында 18 ойыншы бар. Командаға әлі де 12-13 жастағы қыздар қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу