Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені арнасынан тасып, тасжолды шайып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
"9 сәуір күні Бесқарағай ауданында Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, облыстық маңызы бар "Семей-Долонь" тасжолы су астында қалып қойды. Салдарынан 35 шақырым жолды су басты. Арнасынан асқан судың тереңдігі 10-15 см, ені 20 м", – деп жазылған хабарламада.
Бірлік ауылы су тасқынына жақын маңда, небәрі бір шақырым қашықтықта орналасқан. Су басып қалу қаупі жоқ. Қазіргі таңда өзеннің суы арнасынан асуын тоқтатты.
Төтенше жағдай орнында 7 техника мен 16 адам жұмыс істеп жатыр. "ОблШығысЖол" ақпаратына жүгінсек, бұл бағыттағы жол жабылды. Айналма бағыт – "Семей-Бесқарағай-Долонь" тасжолы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу