Ерұлан Жамаубаев: 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді

771

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 733 нысан сатылады. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ерұлан Жамаубаев: 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді

"Бүгінге дейін құны 51 млрд теңгені құрайтын 170 нысан сатылды және кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 108 нысан сатылымда тұр", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға  жіберілді.

"Алдағы уақытта 382 нысанды өткізу керек", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу