Ерұлан Жамаубаев "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

454

Өңірлік жобалық кеңселер еліміздің барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда ашылады. 

Ерұлан Жамаубаев "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді Фото: primeminister.kz

Аталған алаңдарда консультативтік-кеңесші топтар құрылады, олардың құрамына қаржы бойынша тәуелсіз кеңесшілер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері және жеке сот орындаушылары кіреді.

Олар азаматтарға банктер мен шағын қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектерді реттеу бойынша кеңес береді, әрі қарай бизнесті жоспарлауға және жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының оқытушыларына қаржылық және құқықтық сауаттылықты үйрететін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және мамандарды даярлау жоспарланып отыр.

Халықтың одан әрі қарыз алуына жол бермеу, борыштық жүктеменің өсуін шектеу, қаржы нарығындағы алаяқтық фактілерін азайту, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру арқылы жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында "Қарызсыз қоғам" жобасының маңыздылығын және оны еліміздің барлық аймағында кеңейту қажеттігін атап өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу