Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігінің жабылуына қатысты пікір білдірді

657

Ведомство басшысы бұл мәселенің мемлекеттік қызмет құрылымдарын оңтайландыруға ғана қатысты екендігін атап өтті. 

Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігінің жабылуына қатысты пікір білдірді Фото: kazakhstan today

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат кулуарында еліміздің Ресейдегі сауда өкілдігінің жабылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Артық құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Еліміздің Ресеймен тығыз қарым-қатынаста екені туралы айтылғанда Еуразиялық экономикалық комиссияның болуын білдірген болатын. Онда барлық бағыттар бойынша өте сауатты адамдар жұмыс істейді, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша Мәскеуде бұл мәселені шеше алатын адамдар да бар", - деді ол.

Министр бұдан басқа елшіліктің де бар екенін атап өтті.

"Әр түрлі мемлекеттік құрылымдардың белгілі бір өкілдері бар. Сондықтан бұл мәселе тек мемлекеттік қызмет құрылымдарын оңтайландыруға ғана қатысты. Осы мәселемен айналысатындар қазір басқа мәселелерді шеше алады", - деп қорытындылады Ерұлан Жамаубаев.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу