ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру жоспарында толық орындамаған өңірлерді атады.
Негізінен өңірлер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының көбісі кешенді жоспар объектілерінің 80%-ін сатуға шығарған. Бұл ретте жекелеген өңірлер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар нысандарды сатудың 90-100%-ін қамтамасыз етті.
"Дегенмен, 7 өңір мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары көзделген көрсеткішке сәйкес дер негізінде нысандарды сатуға шығарып үлгермеген. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында байқалады. Баяндалғанды ескере отырып, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары Кешенді жоспар шараларын ерекше бақылауға алып, оның толық орындалуын қамтамасыз етулері қажет деп есептейміз", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Айта кетейік, Үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының" орындалуы қаралды.