Ержан Максим Еуропада түркі елдерінің намысын қорғайды

1418

Конкурс финалы 24 қараша күні өтеді.

Ержан Максим Еуропада түркі елдерінің намысын қорғайды

Польшаның, Гливице қаласында өтетін Junior Eurovision балалар ән байқауына еліміздің атынан Ержан Максим қатысады. ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" алаңында өткен баспасөз мәслихатында "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма Төрағасы - Ерлан Бекхожин жас дарын Ержан Максимге Junior Eurovision халықаралық балалар ән байқауында қолдау көрсетуге шақырды.

"Биыл конкурсқа Әзірбайжан мен Түркия қатыспайтын болғандықтан, Ержан бүкіл түркі әлемінің өкілі ретінде барады. Сол себепті Ержанның мойнына екі есе ауыр салмақ түсіп тұр. Жігітімізге үлкен үміт артып отырмыз. Балалардың Junior Eurovision байқауында 24 қараша күні Ержанға дауыс беру керек. Балалар Еуровидениесі халықаралық музыка байқауын негізінен Еуропалық 16 мемлекет тікелей эфирде өз елдеріне таратады. Бізде "Балалар Еуровидениесін" Хабар арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Осындай сын сағатында ауызбіршілігімізді танытып, ел болып дауыс берейік", - деді Ерлан Бекхожин.

Көрермендер тек Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына да дауыс беру құқына ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы 15 минут уақыттары болады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу