Ержан Максим Үкімет басшысымен кездесті

617

Үкімет басшысымен кездесуден кейін жас әнші Мәскеуге ұшады.

Ержан Максим Үкімет басшысымен кездесті

Астана экономикалық форумынан тыс Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандық дарынды әнші Ержан Максиммен кездесті, деп хабарлайды 24. kz.

Үкімет басшысымен кездесуден кейін жас әнші Мәскеуге ұшады. Онда "Голос.Дети" байқауының нәтижесі қайта қаралады.  

Еске сала кетер болсақ, "Бірінші арна" "Голос. Дети" байқауының ақтық финал қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталды. Айта кетейік, өткен айда Ресейдің бірінші арнасындағы "Голос. Дети" конкурсында бірінші орынды Микелла Абрамова, ал қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу