Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 15 мың сотталушы жұмыспен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір 38 мыңнан астам сотталған және тергеудегі адамдар ұсталуда. Бұл жерде де мәселе аз емес. Жазда депутаттар тобы өз көзімен Аршалыдағы колонияны көрді. Бұл ретте, ол – ең нашары емес. Басты мақсат – сотталғандарды тәрбиелеу. Оны – отряд пен барак жағдайында іске асыру өте қиын. "Түрме суб-культурасы" криминалдық және экстремистік идеялар тез тарайды. Ал, камералық ұстау үлесі тек 27% ғана. Дегенмен, барынша инфрақұрылымды жақсартып жатырмыз", – деді Ержан Сәденов Үкімет сағатында.
Министр колонияларда бейнекамераны сындырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін атап өтті.
"Нәтижесінде, бұзушылықтар күрт азайды. Еңбекпен қамту мәселесі қолға алынды. Өндірістік базалар қалпына келтірілуде. 54 жаңа өндіріс ашылды. 15 мың сотталушы жұмыспен қамтылған", – деді Ішкі істер министрі.