Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды

159

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Сейтенов тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорны жұмысшысы болып бастаған.

2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.

2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу