"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2002 жылы заң мамандығы бойынша "Тұран" Университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның "Executive MBA" бағдарламасы бойынша оқу бітірген.
2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.
2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
"Құрмет" (2016), "Парасат" (2021) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021), 7 мерейтойлық медальдары