"Есейгенімді сездім": Бағлан Әбдірайымов жантебірентерлік жазба жариялады

1383

“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін еске алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Есейгенімді сездім": Бағлан Әбдірайымов жантебірентерлік жазба жариялады Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Өнер иесі ақпан айында әкесінің жеті күндік асын бермек. 

“Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келетінін әрбір есті адам түсінуі керек. Көз көргендер әкемнің өз уақытында жақсы боксшы болғанын айтады. Менің де жақсы жұдырықтасуым әкемнен дарыса керек. Өмір жалғасады, жауапкершілігім артып, есейгенімді сездім. Ата-анаң барда еркелеп жүреді екенсің. Анама күш-қуат тілеймін! Ата-ана разылығын алатын сапалы ұрпақтың қатарында болайық! Уайым жұтпас үшін, іштегі шерді шығарып, бір терлеп алдым”, - деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, Бағлан әкесінің соңғы жазған хатын да жариялады. 

“Бақа, ақылшым менің... Құдай қуат берсін! Әдемі ой-өрісің маған бақыттың шексіз тәрбиесі секілді. Сен менің өмірімнің жалғасысың", - делінген хатта. 

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің қайғысына ортақтасып, марқұмның жаны жәннатта болуын тілеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу