Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын тексермек

616

Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын тексермек

Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын тексереді. Бұл туралы Сенаттағы "Теңестірілген және ашық бюджет – елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі" атты парламенттік тыңдауда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында және басқа компанияларда мемлекеттік аудит жоспарланған", – дейді Айгүл Мұхаметкәрім.

Оның айтуынша, биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына аралық бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар осы шаралармен орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары да қамтылады.

Парламенттік тыңдау барысында сөз сөйлеген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік қаржының ысырап етуге жол берілмеуі тиіс екенін қадап айтты.

"Басты екпін бюджет шығынының тиімділігін арттыруға негізделуі тиіс. Бюджет шығынына қатысты қадам тыңғылықты пысықталып, қаржы ең қажетті салаларға бағытталуы керек. Шектен тыс ысырапқа жол берілмеуі қажет", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу