Есеп комитеті аудиторлық тексерулердің нәтижесін көпшілік назарына ұсынатын болады

1497

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетіне жаңа міндет жүктеді.

Есеп комитеті аудиторлық тексерулердің нәтижесін көпшілік назарына ұсынатын болады

Келесі жылдан бастап Есеп комитеті аудиторлық тексерулердің нәтижелерін жариялап отыратын болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында айтты. 

"Бәрінен бұрын мемлекет қаржысын ашық әрі тиімді игеру мәселесі өзекті. Қаржылық қадағалаудың жоғарғы органы – Есеп комитеті бюджет қаржысын тиімсіз игеру мен қаржылық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүйелі негізде елеулі жұмыс жүргізіп келеді. Бірақ ол жұмыстардың нәтижесі  бүгінге дейін қалың қауым назарына ұсынылмаған болатын.  Сондықтан мен шешім қабылдадым. Келесі жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті өзі тексерген мемлекеттік органдар мен ұйымдар бойынша аудиторлық шаралардың негізгі нәтижелерін жариялай бастайды",– деді Мемлекет басшысы.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу