Есеп комитеті қаржылық заңсыздықтарды анықтады

1221

Есеп комитеті қаржылық заңсыздықтарды анықтады

17 млрд теңге. Білім және ғылым министрлігіне жүргізілен тексеріс нәтижесінде осыншама қаражаттың заңсыздықтары анықталған. Бұл туралы есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, аталған министрлік 43 млрд теңге шамасындағы бюджет ақшасын тиімсіз жұмсағаны әшкерелеген. Есеп комитетінің аудиторлары жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен кәсіптік және техникалық білім беруге бөлінетін қаржыларды игеруде де бірқатар жүйелі кемшіліктер барын айтады. Анықталған кемшіліктер тізімі тиісті шешімдер қабылдау үшін қазір құқық қорғау органдарына жіберілген. Бұл фактілерге қатысты білім және ғылым министрлігі де түсініктеме беріп үлгерді. Олардың ақпаратынша, аталған қаражат тек министрлікке емес, жалпы жергілікті өңірлердегі білім беру мекемелеріне қатысты екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу