Есеп комитеті Парламент арқылы қаржыландырылады

1507

Президент мемлекеттік органдарға бюджет еркігін беруді тапсырды.

Есеп комитеті Парламент арқылы қаржыландырылады

Есеп комитетінің фиункционалы кеңейіп, Үкіметке бағынбайтын орынға айналмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді.

"Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етіп, ұлттық жоспарлау жүйесіне бағынышты құрылымға айналуы керек. Мемлекеттік органдарға бюджеттік еркіндік берілуі қажет. Бұл міндеттерді жедел орындап, ұжымдық жауапсыздық пен қағазбастылықтан кетуге мүмкіндік береді. Ал сұраныс қатаң болуға тиіс. Ол үшін Есеп комитетінің функционалын кеңейтуді тапсырамын. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін оны Үкімет жанындағы республикалық бюджеттік комиссия арқылы емес, Парламенттің профильдік комитеттері арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін алдын ала қараған жөн", – деді ол өз Жолдауында. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу