Есеп комитетінің қайта құрылуы тиімсіз шығындарды төмендетеді - Жамаубаев

893

Президент Жолдауында айтылғандай, Есеп комитеті үкіметке тәуелсіз жоғары мемлекеттік аудит органы ретінде құрылады.   

Есеп комитетінің қайта құрылуы тиімсіз шығындарды төмендетеді - Жамаубаев

"Бұл алдын алу шараларын қабылдау арқылы бюджеттің тиімсіз шығындарын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді", – деп сендіреді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінгі үкімет отырысында.

Оның айтуына қарағанда, парламенттік бақылау күшейтіледі.

"Мұндай тәжірибе жекелеген батыс елдерінде бар. Комитеттің Жоғары аудиторлық палата болып құрылуы Конституцияны қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді", – дейді министр.

Анықтама: Мемлекет басшысының Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға қайта құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу талап етіледі:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына (44, 53, 57, 58-баптар) Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелерін тағайындау, есепті бекіту бөлігінде;
2) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
3) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 12.11.2015ж. ҚР Заңы (Әзірлеуші – Қаржы министрлігі);
4) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 05.08.2002ж. №917 Жарлығы
5) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2015ж. № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және ҚР Қаржы министрінің 27.11.2015ж. №589 бірлескен бұйрығы;
6) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 28.11.2015ж. №590 және Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2015ж. №10-НҚ нормативтік қаулысы мен бұйрығы;
7) "Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары" Есеп комитетінің №18-НҚ нормативтік қаулысы және Қаржы министрлігінің 30.11.2015ж. №601 бірлескен бұйрығы;
8) "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаржы министрлігінің 19.03.2018ж. №392 бұйрығы;
9) Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу