Есеп комитетінің мүшесі жаңа конституциялық мерзімге тағайындалды

540

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттарға республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін ұсынды.  Палата депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Есеп комитетінің мүшесі жаңа конституциялық мерзімге тағайындалды

"Конституцияға сәйкес, сенат квотасы аясында есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидатураны сенат төрағасы ұсынады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне осыдан 5 жыл бұрын тағайындалған Нұрлан Амангелдіұлы Нұржановты жаңа конституциялық мерзімге тағайындауды ұсынамын", – деді. 

Айта кетейік Нұрлан Нұржанов қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит жөніндегі халықаралық сертификаты бар жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор. Ол бүгінге дейін есеп комитеті мүшесі қызметін атқарды. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу