Сенат квотасы аясында Есеп комитетінің мүшелігіне үміткерді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынды.
"Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Сенаттан Есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Нұрланұлы Рахимовтың кандидатурасын ұсынамын. Ұсынылған кандидатура Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің отырысында алдын ала талқыланды", – деді Сенат спикері.
Өз кезегінде Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина сөз сөйлеп, сенаторларға Есеп комитетіне тағайындалған тұлғаны таныстырды.
"Расул Нұрланұлы "Болашақ" стипендиясының түлегі. Мемлекеттік органдарда қызмет етіп, өзін білікті маман ретінде танытқан азамат", – деді Ольга Перепечина.
Қанат Махамбет