Есепшілер мен заңгерлер жүгінетін 3 сайтқа киберқастандық жасалды

1092

Есепшілер мен заңгерлер жүгінетін 3 сайтқа киберқастандық жасалды

Есепші мен заңгерге арналға порталдардан шамадан тыс мөлшерде майнерлер табылған. Бұл туралы кибершабуылға қарсы орталық мамандары мәлімдеп отыр, деп  хабарлайды КТК.

Майнер дегеніміз - сіздің компьютеріңіздегі электронды ақшаны жымқыру үшін қолданылатын скрипт. Егер сіз күмәнді сайтқа кірсеңіз бірден майнер қолданылады. Ол компьютер ресурстарын өзіне жүктеп алып, криптавалюта сатып алады. 

Шабуыл есепшілер мен заңгерлер жүгінетін balans.kz, kodeks.kz және urist.kz. сайтына жасалған. Бұл парақшаларға кірген қолданушылар Троян вирусын жұқтырулары да мүмкін. Оның кесірінен  қаржылық ұйымның бухгалтерлік есеп-қисаптары бүлінеді немесе ондағы ақпараттарды хакерлер өз мақсатына пайдаланып кетеді деген сөз.

Кибер қылмысқа қарсы күрес мамандары, аталмыш порталдардың жұмысын желілік администраторлар толық реттегенше онда кірмеуге кеңес береді.

Елімізде сайттарға шабуылдау соңғы кездері жиілеп барады. Өткен айда ғана сарапшылар 50 майнерді анықтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу