Есепшот бұғатталды, денсаулыққа кім жауапты?

492

Қостанай облысындағы ауруханалар миллиардтаған қарызға батты.

Есепшот бұғатталды, денсаулыққа кім жауапты? Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі 3 миллиард теңгеден астам, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін қаржы еңбекақыдан ауыспайды.

Облыстық балалар ауруханасының бүгін есеп шоты бұғатталды. Мекеме ешқандай қаржылық операциялар жүргізе алар емес. 300 ге жуық бүлдіршін емделіп жатқан аурухананың медициналық керек-жарақ, азық-түлікке қалай есеп айырысары белгісіз.

Балалар ауруханасының кредиторлық берешегі – 600 млн теңге. Соның 200 млн-ы коммуналдық қарыз, 75 млн-ы медициналық керек-жарақтар үшін төленбеген ақша. Азық-түлік компанияларына да берешек шаш етектен. Кейбір кәсіпорындар түсіністік танытып тамақты әлі де қарызға жеткізіп беруде. Енді біреулері келісімшартты бұзған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу