Енді шоты бұғатталған азаматтар жалақыны қолма-қол алуы мүмкін

326

Бұл бастаманы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов көтерді.  

Енді шоты бұғатталған азаматтар жалақыны қолма-қол алуы мүмкін Фото: canva

Қазіргі таңда елде шамамен 1,5 миллион адамның есепшоты бұғатталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, егер адамның қарызы болса, жалақысының 50 пайызы ұсталып қалуы мүмкін. Алайда қалған бөлігін азаматқа міндетті түрде қолма-қол беру қажет. Әрі депутат банктердің жалақыны толық бұғаттауына жол бермеу керек екенін айтты.

Салдарынан олар жаңа карта аша алмайды, жұмысқа орналасуда қиындық көреді және жалақысын пайдалана алмай отыр.

"Өткенде Ұлттық банкпен сөйлестім, біз қарсы емеспіз дейді. Сондықтан Еңбек кодексіне осындай ұсыныс беріп отырмыз. Нотариустар қазір 1,5 млн адамның шоттарын сотсыз бұғаттап тастаған. Ешқандай жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Не айлық ала алмайды, не тамақ іше алмайды. Шот болмағаннан кейін жұмысқа да қабылдамайды", – дейді Мұрат Әбенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу