ESG қағидаттарын ұстану компанияның беделін арттырады – С.Тыран

448

10% астам мұнай өндіру көлемі көбейді.

ESG қағидаттарын ұстану компанияның беделін арттырады – С.Тыран Фото: «Каспий Мұнай» АҚ

ESG қағидаттарын ұстану компанияның беделін арттырып, брендін танытуға көмектеседі. Бірақ ESG жай ғана тренд болып қалмай, компанияның жұмыс істеу принципіне айналуы керек. Бұл пікірді Елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумында "Каспий Мұнай" мекемесінің басшысы Серік Тыран білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Спикер бизнеске жаңа трендті енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен де бөлісті.

"Каспий нефть" компаниясы Каспий өңірінде жұмыс істейтін қазақстандық жетекші мұнай өндірушілердің бірі. Ширек ғасырдан бері шикізат өндіріп, сақтап, оны экспортқа да шығарып келеді. Іргесі қаланғаннан жаңашылдыққа бейім компания басшылығы жаңартылатын энергия және жасыл  жобаларды іске асыруға да ерекше мән беріп отыр.

"ESG талаптары бойынша стратегиямызды жүргіземіз. 10% астам мұнай өндіру көлемі көбейді. Мұнай өндіруге кеткен шығындарымыз азайды. Кадрлық потенциалымызды өсірдік. Ең бастысы тиімділігімізді арттырдық жасаған жұмыстарымызбен", - деді "Каспий Нефть" АҚ Бас директоры Серік Тыран.

ESG қағидаттарын сақтау компанияның стратегиялық дамуының ажырамас бөлігі. Басшылық өндірістік шешімдер қабылдарда осы принциптерді негізге алады. БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына да қол жеткізуге мүдделі.

"Негізі БҰҰ-ның тұрақты даму принциптері бар. 17 мақсаты. Бізге оның 8 тиесілі. Сол бағыттар үлкен жұмыстар атқарылып жатыр біздің компаниямызда", - деді "Каспий Нефть" АҚ Бас директоры Серік Тыран.

Яғни, компания аталған 8 мақсатты дамытуға бар күш-жігерін жұмылдыруға ниетті. Стратегияны толық жүзеге асыру 2032 жылға дейін жоспарланған. Онда жаңартылатын және таза энергия көзіне қол жеткізуге басымдық беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу