Облыстағы Vita ұйымына жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Қырмызы Сарбасова есімді әйел ешбір камераға түспеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
@Pavlodarnews.kz жазуынша, ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
"Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірісті. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады", – дейді Vita ұйымы.
Алайда ол ешбір камераға түспеген.
Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (ватсап)