Ешбір мұнайшы жұмыстан қысқармайды - Болат Ақшолақов апат туралы

1166

Каспий құбыр консорциумындағы болған ақауға байланысты ешбір мұнайшы жұмыстан қысқармайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті.  

Ешбір мұнайшы жұмыстан қысқармайды - Болат Ақшолақов апат туралы

"Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз сияқты кез келген үлкен жобада жоспарлы аялдау деген ұғым болады. Кеніштің көлеміне байланысты екі жылда немесе үш жылда бір рет жұмыс аялдауы мүмкін. Кейбір нәзік тораптардың жұмысы жыл сайын бір рет тоқтатылуы мүмкін. Бірақ кеніштегі жұмыстың түгелдей тоқтауы жоспар бойынша үш жылда бір рет қана болады. Оның мерзімі қалыпты жағдайда 30 күннен 60 күнге дейін баруы мүмкін. Ешкім бұл кезде ешбір жұмысшысын шығарып тастамайды. Бәрі штаттық режимде жұмыс істей береді. Сондықтан Каспий құбыр консорциумындағы жағдай айлықтың, жұмысшылардың қысқартылуына әкеледі деуге мүлде негіз жоқ. Өйткені бұл кеніштер үшін штаттық апат десек болады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу