Ешқандай ChatGPT волонтерлерді алмастыра алмайды - Тойли Курбанов

624

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде бірінші болып онлайн волонтерлер қол ұшын созған. Олар зардап шеккен аудандардағы балаларға түрік, күрд және араб тілдерінде қашықтықтан психологиялық кеңес берумен айналысқан.  

Ешқандай ChatGPT волонтерлерді алмастыра алмайды - Тойли Курбанов Фото: google

Волонтерлік қызметтегі осы сынды цифрлық шешімдер жайлы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Әдетте біз волонтерлікті белгілі бір жерде көмек көрсету деп түсінеміз, алайда мұнда да цифрлық трансформация жүріп жатыр. Цифрлық волонтерлік тек теория жүзінде емес, күнделікті тәжірибеге енген бағытқа айналды", - деді Тойли Курбанов.

Оның айтуынша, жылдың басында Түркия мен Сирияда жер сілкінісі болған кезде, БҰҰ жұмылдырған алғашқы еріктілер Бонна не Брюссельден, тіпті Стамбул мен Измирден жіберілген жоқ. Бірінші болып зардап шеккен аудандардағы балаларға түрік, күрд және араб тілдерінде қашықтықтан психологиялық кеңес беретін онлайн еріктілер іске кіріскен.

Дегенмен цифрлық дәуір бізге үміт сыйлағанымен, оған күдік басым. Жасанды интеллект сынды озық технологиялар біраз салаларда адамды алмастырса, не болмақ? Осы тұрғыда спикер ешқандай ЖИ волонтерлердің орнын баса алмайтынын айқындады.

"Қандай жағдай болмасын өз ісіне жүрекпен келетін волонтерлердің қызметін ешқандай 
ChatGPT алмастыра алмайды, өйткені жасанды интеллектте ақыл мен сана болғанымен, адамға тән мейірімділік жоқ", - деп түсіндірді БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу