Ешқандай дефолт күтілмейді – министр

180

Министр елдегі қаржы жағдайы тұрақты екенін айтты.

Ешқандай дефолт күтілмейді – министр Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдіріп, дефолт күтілмейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, Үкімет, квазимемлекеттік сектор не банк саласы тарапынан ешқандай дефолт күтілмейді. Біздегі қаржы жағдайы тұрақты деуге келеді", – деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Тілшілер доллардың қымбаттауына байланысты қандай да бір шығындар азайтыла ма деп нақтылады.

"Келесі жылдың бірінші тоқсанында белгілі болады. Бізге валюта бағамының деңгейі ғана емес, біздің негізгі экспорттық тауарымыз мұнайдың да бағасы қатты әсер ететін болады. Егер бірінші тоқсанда бағалардың төмендеуі жалғасатын болса, тиісінше республикалық бюджеттің параметрлері де қайта қаралатын болады. Сол кезде қандай шығыстарды азайтатынымызды анықтайтын боламыз. Бірақ әлеуметтік салаға әсері тимейді деп ойлаймын", –  деді Нұрлан Байбазаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу