"Ешқандай митинг болмайды": Шерзаттың әкесі мен Салтанаттың ағасы үндеу жасады

3237

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен қорғаушысы Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ешқандай митинг болмайды": Шерзаттың әкесі мен Салтанаттың ағасы үндеу жасады Фото: Бейнежазбадан

"Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалады. Бұл ереуіл тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет", – деді Айтбек Амангелді.

Қаржаубай Нұрымов тек қана әділ сот талап ететін алға тартты.

"14 қазан күні ешқандай митинг, қан төгіс болмайды. Менің мақсатым баламның өліміне қатысты әділетті сот шешіміне қол жеткізу. Адамдар келіп, тергеу жүріп жатыр. Қорғаушылар, марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Бір-бірмізге қолдау көрсетіп жатырмыз. Халықтың қолдауына алғыс айтамын. Бірақ қан төгудің қажеті жоқ. Қан төгіспен еш нәрсе шешілмейді. Мен балам үшін әділ сот талап етемін. Соңына дейін барамын", – деді Шерзаттың әкесі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу