Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобаларының депутаттардың бастамасымен әзірленуі. Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, Ел Президентінің тапсырмалары арқау болды.
Бұл ретте Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап", – деді палата спикері.
Ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған.
Партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді.
"Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды. Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды.
Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа халықаралық үрдістер ескерілді. Ешкім де заңсыз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды", – деді Ерлан Қошанов.