"Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып": Түркістанда екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы тарады

13548

Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.

"Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып": Түркістанда екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы тарады Фото: Мұрат Қабденов / Facebook

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің соңғы жазбасы жарияланды. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты Qamshy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған.

Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген.

Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram-дағы парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, "Жүректеріміз мәңгі бірге" деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің "Бізге берілген уақыт аз ғана" деген әнін қосқан.

Әннің мәтінінде:

"Ешкімге айта алмай,

Барамын тұншығып.

Мың түрлі сынақтан,

Өте алмай жүрміз күрсініп.

Тағдырға босқа қырсығып,

Бізге берілген уақыт аз ғана", – деген сөздер бар.

Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу