Ешкінің саны кеміді

1630

2019 жылы қазақстандықтар тірі салмақта 1,7 млн тонна мал сойған.

Ешкінің саны кеміді

Қазақстандағы мал саны 30 млн басқа жетті. Жылды қорытындылаған Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай ақпарат таратты. 

"2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша елде 2,7 жылқы, 7,3 млн бас ірі қара, 17,5 млн қой, 217 мың түйе, 2,3 млн ешкі және 886 мың шошқа мен 47,5 мың құс бар. Биыл тек ешкінің басы бойынша кері өсім (99,4%) тіркеліп отыр. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 1,7 млн тонна мал мен құс сойылды. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық. Сондай-ақ, Қазақстанда 5,5 млн тонна сиыр сүті және 5,8 млн тауық жұмыртқасы өндірілген", – делінген министрліктің мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу