Есік қаласында жаттықтырушы балабақша балаларын ұрып-соққан

566

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы балабақшалардың бірінде каратэ жаттықтырушысы балаларға қол көтерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есік қаласында жаттықтырушы балабақша балаларын ұрып-соққан Фото: Бейнежазбадан

26 мамырда "Жалын" тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары балаларды каратэ жаттықтырушысының ұрғанын мәлімдеді. Бұл факті балабақшаның спорт залының бейнебақылау камераларындағы жазбалармен расталды.

Жаттықтырушымен және балабақша қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Каратэ бойынша жаттықтырушы міндеттерін тиісінше орындамағаны және педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кейін ол өз еркімен жұмыстан шықты.

Өз кезегінде балалардың ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-ға өтініш білдірді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу