Есік қаласындағы 4 жолақты жол: қосымша сызықтар алынды

96

Алматы облысы Есік қаласының кіреберісінде 2 жолақтың орнына 4 жолақ сызылып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 

Есік қаласындағы 4 жолақты жол: қосымша сызықтар алынды Фото: бейнежазбадан

Оқиғаға қатысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әкімдіктің хабарлауынша, облыстық маңызы бар "Есік – Саймасай" автожолының 7-шақырымында күрделі жөндеуден кейін жолдың ішкі бөлігіне қосымша кеңейту қажет болған. Бұл мектепке бұрылатын автобустардың қауіпсіз маневр жасауына мүмкіндік беру үшін жасалған.

Мердігер ұйым "ДСУ-13" АҚ қосымша екі сызық сызғаннан кейін жол төрт жолақты болып көрінген. Кейін жоба талаптарына сай болу үшін бұл сызықтар алынып тасталды.

Жол таңбасын түзету жұмыстары мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу