Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

571

Күдікті кінәні толық мойындаған. 

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді Фото: бейнеден скриншот

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Антикордың мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерімен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді.

"Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу