Есіктерді сындырып кеткен: Астанада кезекті вандалдар жазаланды

287

Кезекті вандалдар табылып, жауапкершілікке тартылды. 

Есіктерді сындырып кеткен: Астанада кезекті вандалдар жазаланды Фото: gurk.kz

Наурыз айының басында түнгі уақытта Нұрмағанбетов көшесі, 27/1 мекенжайында 35 жастағы ер адам кіреберістің пластикалық есігін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салды.

Осыған ұқсас оқиға таңғы сағат төртте Шалкөде көшесінде болды: 35 жастағы ер адам индустриалды тұрғын алабындағы жылы аялдаманың ішінде дүкеннің алдыңғы есігінің терезесін сындырған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оған 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындарының қолдауымен "Тоқта, вандал" акциясы жалғасуда. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізілуде", - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

2024 жылдың басынан бері елордада вандализмнің 66 фактісі анықталды. Құқықбұзушылардың бәрі жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу