Есіктері жоқ көлікпен жүргендер жауапқа тартылды

230

Оқиға Зайсан қаласында болған.    

Есіктері жоқ көлікпен жүргендер жауапқа тартылды Фото: Polisia.kz

ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигінде түсіп, кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған. Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған.

20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу