Жанқош Тұрардың әйелі өзін Әнару Құрманәлі аңдып жүретінін айтты

1537

Әнару Құрманәлі есімді ару кәсіпқой боксшы Жанқош Тұрар "зорлады" деп шағым түсірген болатын.

Жанқош Тұрардың әйелі өзін Әнару Құрманәлі аңдып жүретінін айтты Фото: Instagram/klarita_os

Енді боксшының жұбайы Клара Иса оны Әнару Құрманәлі аңдып жүретінін айтты, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай қоңыраулар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған" ару есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. ..."Жанқоштың үйленгенін білмедім, танымадым" дегені естеріңізде ме? 1 пост, 1 сторис қалдырмай реакция жіберіп, бақыт тілеп, бізге қалай қызығатыны жайлы жүрекжарды пікір жазып келген екеуміздің де парақшамызда", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу