Есіл ауданында 477 мың гектарға егін егілген

Бұл туралы брифингте аудан әкімі Серік Балжанов айтып берді. 

Есіл ауданында 477 мың гектарға егін егілген Фото: depositphotos

Жыл басынан бергі атқарылған жұмыс барысын саралап, әкім маңызды салаларға тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шыны керек, биыл Есіл ауданының құрылыс саласында айтарлықтай жаңалықтар бар. Көктемгі егін егу жұмыстары да ойдағыдай аяқталды. Сондай-ақ, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да қарқын алып келеді. 

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ауыл шаруашылығы, инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік нысандардың жағдайы кеңінен сөз етілді. 

Бір ғана мысал, ауданда көктемгі егіс науқаны жоспарлы түрде жүзеге асып, өз уақытында аяқталған. Жалпы егістік алқабы 477 мың гектар болса, оның 429 мың гектарына дәнді және бұршақты дақылдар себіліп отыр.

– Егіс науқаны ұйымдасқан түрде өтті. Шаруашылықтар қаржыландыруға уақытылы қол жеткізді, заманауи технологияларды пайдаланды және бірлескен жұмыстың нәтижесінде күн райының қиындықтарына қарамастан агротехникалық мерзімдер сақталды, – деді аудан әкімі Серік Балжанов.

Негізінен, жұмыстардың дер кезінде аяқталуына мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалық жабдықталуы ықпал еткені айтпаса да түсінікті. Шаруаларға қолдау да бар.

Мысалы, 30 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі жалпы сомасы 6,9 миллиард теңгеге жеңілдетілген несие алып, жұмысын жандандыруда. Бұл ауыл шаруашылығын дамытуға өз септігін тигізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу