Астананың Есіл ауданындағы су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар басқармасы, Полиция басқармасы және аудан әкімдігі өкілдері қатысты.
Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, шомылуға рұқсат етілмеген орындарға түсу қаупі ескертілді. Мамандар әсіресе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аумақтарға назар аударды.
Құзырлы органдар өкілдері шомылу маусымы кезінде мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
Тұрғындар мен қала қонақтарына тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу қажеттігі ескертілді.