Есіл ауданының 15 жылдығына орай жаңа алаң ашылды

617

Алаңның ашылуы 5 тамыз күні Есіл ауданының туған күніне орай өтті. 

Есіл ауданының 15 жылдығына орай жаңа алаң ашылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы көлік қызметкерлері күні қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап "Салтанат қақпасы" монументінің жанында жаңа гүлзарды сыйға тартты. Алаң аумағында жапырақты ағаштар да отырғызылды.

Алаңның жалпы ауданы 1 га құрайды және оған балалар ойын алаңы, work-out тренажерлары, орындықтар, көгалдандырылған орындар және т.б. кіреді. Сквердің құрылысы ұлттық компания мен Есіл ауданының әкімдігі арасында бұрын қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.

Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және тағы басқа жаяу жүргіншілер жолы құрылды – Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы 3,5 км құрайды. Қаланың барлық ауданында қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу